«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби бірлестігі белгілі меценат, ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимовтың демеушілігімен өтіп жатқан «Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсының бірінші және екінші кезеңдері аяқталғанын хабарлайды.
БІРІНШІ КЕЗЕҢДЕ
«Қазіргі заманғы қазақ романы» сайты арқылы үміткерлер талабын танытып, конкурсқа қатысу шарты бойынша болашақ романдарының жобасын жолдады. Сайтқа барлығы 220 жоба түсті. «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби бірлестігінің жұмыс тобы жобаларды сұрыптау барысында оның бірнешеуін іркіп қалды. Біріншіден: Әлі мектеп оқушылары жолдаған жобалардың өтінімі қарастырылмады. Екіншіден: Конкурс талабына романның аты немесе автордың дерегі көрсетілмеген жобалардың өтінімі қарастырылмады. Үшіншіден: Сөйлемдегі сөздері бір-бірімен қиыспайтын, әрі әріп қателері көп жобалардың өтінімі қарастырылмады. Төртіншіден: Бір автор жолдаған бірнеше роман жобаларының өтінімі қарастырылмады.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢДЕ
«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби бірлестігі «Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсының бірінші және екінші кезеңдерін аяқтаған болатын. Сарапшылар жеті романның жобасын мақұлдап, соңғы үшінші кезеңге жолдама берген еді. Осы шешімнен кейін «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби бірлестігіне конкурстың құрылтайшысы және демеушісі, ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимов хабарласты. Ол болашақ жеті роман авторларының қатарында жас жазушылардың жоқтығын байқап, олар үшін конкурстан тыс қосымша бір орын беретіні туралы хабарлады. Сарапшылар жастар ұсынған жобалар арасынан Айым Ақылтайдың «Қарыз» романының жобасын үшінші кезеңге жіберуге шешім қабылдады. Өз туындысын «Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсының аясында жазуға мүмкіндік алған қаламгерлер Думан Рамазан, Жүсіпбек Қорғасбек, Қуаныш Жиенбай, Нұржан Қуантайұлы, Асқар Алтай, Мұрат Алмасбек, Қуат Бораштың қатарына енді қарындастары Айым Ақылтай қосылды. «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби бірлестігі конкурстың шешуші бөлігіне өткен сегізінші авторды да құттықтап, одан арғы жұмысына табыс тілейді!
Конкурс аясында өз романдарын жазуға мүмкіндік алған авторлар:
Думан Рамазан
«Сынақ» романының жобасы бойынша
Жүсіпбек Қорғасбек
«Кельндегі көкжал» романының жобасы бойынша
Қуаныш Жиенбай
«Аралқұмдағы ақырғы аялдама» романының жобасы бойынша
Нұржан Қуантайұлы
«Опасыз ойын» романының жобасы бойынша
Асқар Алтай
«Каскад» романының жобасы бойынша
Мұрат Алмасбек
«Бруклин көпірі» романының жобасы бойынша
Қуат Бораш
«Тәубе» романының жобасы бойынша
Айым Ақылтай
«Қарыз» романының жобасы бойынша
«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби бірлестігі конкурстың шешуші бөлігіне өткен жеті авторды құттықтап, одан арғы жұмыстарына табыс тілейді!
Конкустың соңғы бөлігінде ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимов жеңімпаз болған роман авторына – 15 миллион теңге, басқа жеті авторға 3 миллион теңгеден жүлде береді. Жүлдеден үміткерлердің романды жазуы 2025 жылғы 1-тамыздан басталып – 2026 жылғы 28-ақпанға дейін жалғасады. «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби бірлестігі тағы екі үміткерге мүмкіндік беру үшін жобаның демеушісі ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимовпен кеңесуі және осыны техникалық реттеу ісі екі айға созылғандықтан, авторларға роман жазуға бұрынғысынша алты ай уақыт қалдырылып, конкурстың нәтижесін шығару 2026 жылдың 22-наурызына белгіленді. Барлық жеті роман демеушінің есебінен жеке-жеке кітап болып шығады. Жеңімпаз романның желісі бойынша көркем фильм түсіріледі.
«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби бірлестігінің жұмыс тобы