2

КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ ТАҒДЫРЫН ШЫҒАРМА БІТКЕНДЕ БІЛЕСІЗДЕР

-Нұржан аға, «Қазіргі заманғы қазақ романы» бәйгесіне меценат Шухрат Ибрагимов мол қаламақы қойылып отыр. Айтыңызшы, қаламақы қаламгердің шығармашылығына қаншалықты күш-қуат береді?

-Голливудтың көркем фильмдері неге үздіксіз дамып отырады, өйткені киноиндустрияға жақсы сценарий ұсына алатын сценарийші көп. Олар мол қаламақы алады, өзара бәсекесі өте күшті. Ал енді соларға қаламақы бермей, тегін жазып бер деп көрші, «есің дұрыс па?» деп аяғына отырғызбай қуып шықсын... Мол қаламақы болмаса, көркемдігі жоғары, жаңалығы көп шетелдік фильмдердің сценарийлері дүниеге келмес еді.
Мол қаламақы болмаса, Батыста жақсы романдар жазылмас еді. Джек Лондон да, Хемингуэй де, Фолкнер де, Томас Манн да қаламақыға жазған. Қазір де солай: жазушы шығармасын негізінен қаламақы табу үшін жазады. Стивен Кингті қараңыз, басқа кітаптарын айтпағанда, 60 роман, 200 әңгіме жазыпты. Қаламақы түспесе, солардың басым көпшілігін, Кинг, меніңше, жазбас еді. Рас, ақшасы төленсе де, төленбесе де, жазғысы келетін қаламгер жаза береді, жақсы шығарманы дүниеге әкеледі. Әйткенмен қаламақы – көркем әдебиеттің дамуына зор ықпал ететін критерийдің бірі.
-Бәйге шарты бойынша роман үш ұрпақ өкілінің тағдырын қамтиды, Сіздің романда осы талап сақтала ма?

-Әлбетте, сақталады. Әу-баста талапқа көніп, бәйгеге ат қостық қой, үш буынның (атасы – әкесі – баласы) тағдыры романда жазылады. Ал енді ол қалай айтылады, қандай формада жазылады, оны шарам біткен соң ғана көре аламыз. Асау тайға ұқсатып бұлқынтып базарға алып шығу шарт емес шығар, өзіміздің көңіл де күпті, қалай болар екен деп күтіп отырмыз (күледі).
-Роман сияқты үлкен жанрға үлкен дайындық керек қой, десе де, қазіргі заманда формасы да, мазмұны да жаңа роман жазу мүмкін бе?

-Ешкім аспаннан аяғы салбырап түспейді ғой. Мықты прозашы, күшті романшы әуелі шеберлікке машықтана бастап, жылдар өте келе ғана сүйекті дүниелерін жаза алған. Талант алмас кені секілді емес пе, оны қырнап, жөндеп, зер герлік өнерін салып, шебердің қо лынан шыққандай, әдемі гауһар тас қа айналдыру керек, турасын айтқанда, дамыту керек, ол үшін темір тәртіп, жанкешті еңбек қажет. Өзінің ірі жазушы екеніне сенген жас қаламгер биік мұнара тұрғызу үшін он мыңдаған кірпішті жылдар бойы жалғыз өзі қалап шығуы керек екенін әу бастан түсінгені жөн. Ал ол мұнара мықты, әдемі, ке лісті болып шыға ма, жоқ па, оны құдай берген талант пен ауыр еңбек қана шеше алады.
Бұл та қырып жастарды қызықтырса, Фло бердің хаттарын (әсіресе Луиза Колеге жазған хаттарды) оқуға ке ңес берер едім, оның күндіз-түні қалай еңбек еткенін, шеберлік тің шыңына қалай шыққанын осы хаттарынан-ақ білуге бола ды. Ше лектеп төгілген қара тердің нә ти жесінде ғана Флобердей ұлы жазу шының «Бовари ханым» романы жаңа прозаның бас тауы болды. Флоберден кейін Еуро па, орыс ро маншылары осылай жаза бастады. Осындай ұлы ав торлардың арқасында әлем әде биеті жаңа сатыға көтерілді.
Кейін фантастикалық шығар малардың жаңа формалары пай да болды, өткен ғасырдың 60-70-жыл дарында жапон және ла тын америкалық әдебиетте жаңа леп тегі романдар жарық көрді. Айта берсе, бұл тарапта әңгіме көп. Әйт се де, Батыста әдебиетке жа ңа лық әкелеміз деп жолдары бол маған (әйтпесе таланты жетпеген) қаламгерлер де жоқ емес. Мәселен, XX ғасырдың 60-жылдары Роб-Грийе бастаған кейбір прозашылар мен әдебиет теорияшылары «жаңа роман» теориясын жасап, жаңа үлгіде шығармалар жазды. Бірақ ол эксперименттері күткен нәтиже берген жоқ.
-Жазушы қоғамдық пікірдің ыңғайымен жүруі керек пе, қа лай ойлайсыз?

-Жоқ, әрине. Мәселен, қоғам дық пікір жемқорлықты әдепкі, қа лыптасқан норма деп танитын болса, суреткер сол ыңғаймен кете бере ме? Әрине, жоқ. Сондықтан қоғамдық пікір әдебиет үшін критерийге жатпайды.

Жалпы, басқа да өнер иесі секілді жазушы көркем сөз де кіршіксіз таза болуы керек. Егер жазушы өзінің шындықты жа за алмағанының, сөзінің ойла нып айтылмағанының немесе асы ғыстық жасағанының себебін тү сін діріп, ақтала бастаса, онда кез кел ген жемқорға «тапқан малын» тұрмысының нашарлығына, бала-шағасының көптігіне жаба салуына болады ғой. Кісінің жағдайын тү сіну керек деген байлам бұл жер ге жүрмейді. Кейінгі оқырман жағ дайыңды керек те қылмайды.
Жазушының қисық түйініне, ар тық-ауыс сөзіне, ойланбай айтқан пікі ріне кім кінәлі. Заман ба, үкі мет пе, тұрмыс па, ол кейінгілерге қы зық емес. Қызығуға міндетті де емес. Суреткерді кім арандатты? Дү ниеге қызыққан ақымақ достары ма, әлде өз басылымының қа мын жеген журналист пе, оны олар анықтап жатпайды. Суреткердің жекжат-жұрағаттың көңіліне қа рағаны, кедейшілікте ғұмыр кеш кені, тіпті қиын тағдыры – мұның бәрі кейінгіге керек емес.
-«Жазушы адам жанының инженері» деп жатады. Бұл қаламгерді ең дәл бағалау ғой. Сол биік ке қалай жетуге болады, сіздің пікі ріңізше?

-Гогольдің «мен жас күнім нен жеке адамды зерттеп, оның бет пішініндегі өзгеріс пен қимыл-қозғалыстың өзінен-ақ жан құбы лысын ұстап алғым келетін, сөйт сем, әуелі өз жаныңды терең зерт теуің керек екен ғой» дегені бар. Дәлме-дәл қалай айтқанын ұмыттым, бірақ мағынасы осы. Бұл – өте маңызды пікір.

Жазушы адам жанының инженері бола алмайды, бірақ өз ішінде өтіп жатқан құбылыстарды шынайы, әсерлі бере алса, ол – зор жетістік, зор қабілет. Ал бұған қол жеткізу оңай емес, үлкен еңбекпен, орасан төзіммен келетін нәтиже. Әдебиет микроскоп секілденіп, суреткер жанының құпиясын ұлғайта көрсетіп, сол арқылы бүтін адамзат құпиясын ашып беруі керек қой.
-Бүгінгі әдебиетке қандай талаптар қойылып отыр деп санайсыз? «Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсының шарттары осы талаптарды ескерген бе?

-Әдеби шығармаларға деген талап заман өткен сайын, тал ғам өскен сайын өзгеруі мүмкін. Бі рақ бір нәрсе айқын: жазушы бақы лаушы да, көрермен де емес, ол – өмір драмасының кейіпкері. Қаламгер кейпіндегі, жазушы рө ліндегі емес, драманың бел орта сында жүрген, қатардағы, көрін бейтін кейіпкер – өзі.
Меніңше, өлеңдегі, лирикадағы құйылып түскен алғашқы нұсқа сезімге қандай бай болса, қандай шын болса, прозадағы алғашқы нұсқа да сондай болуы керек. «Проза – өзінің бойындағы поэзияның арқасында ғана әдебиеттен орын алып отыр» дейді Акутагава. Әлбетте, көшіріп жазғанда түзе ту, толықтыру, қысқарту болып тұрады. Бірақ туындының екін ші редакциясын жазып, яғни толық тырам деп туындының шынайы әсерін солғындатып алуымыз да мүмкін. Демек «Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсының белгілеген мерзімі – артық та емес, кем де емес.

Әсілі, өнер кухнясында сыр, құпия деген болады. Бұл енді – әр қаламгердің өз құпиясы.
-Нұржан Қуантайұлы, сұқбатыңызға рақмет! Сізді «Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсының соңғы сатысына өткен қаламгерлер қатарынан көргенімізге қуаныштымыз. Әр қарай да табысқа жетуіңізге тілектеспіз.


Сұқбаттасқан Жанерке Қазтай,

«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби бірлестігінің тілшісі.
Made on
Tilda