Еліміздің рухани астанасы Алматыда «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
2026-03-31 17:53
Заманауи қазақ прозасын дамытуға және жаңа авторларды қолдауға бағытталған бұл жоба ERG директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимовтың қолдауымен жүзеге асырылды.
Байқауға 3000-нан астам өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша финалға 8 автор шықты: олардың 7-еуі 3 000 000 теңге көлемінде қаламақы алып, романдары 1000 данамен жарық көрді. Іс-шара барысында осы кітаптардың тұсаукесері өтті.
Жүсіпбек Қорғасбек «Кельндегі көкжал» романы үшін Гран-при иегері атанды. Жеңімпаз 15 000 000 теңге сыйақы алды. Байқау қорытындысы бойынша шығарма желісімен фильм түсіріліп, үлкен экранға жол тартады.