2

Студенттерге Шухрат Ибрагимовтың бір реттік стипендиялары тапсырылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық-мемлекеттік университетінің журналистика факультеті ақпарат, баспасөз саласына ғана емес, әдебиетке де лайықты тұлғалар даярлап шығарады. Біздің алдымыздағы буыннан Дидахмет Әшімханұлы, Жолтай Әлмашұлы сынды жазушылар топтан озса, өз қатарымыздан Шархан Қазығұл, Сәбит Дүйсенбиев, Нұрғали Ораз сынды қаламгерлер танылды.

Бұл факультеттен тағы да қаламгерлер түлесін деген ниетпен “Қазіргі заманғы қазақ романы” әдеби бірлестігі демеуші ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимовтың атынан тағайындалған стипендияларды табыс етті.

Әрі белгілі қаламгер, қоғам қайраткері, продюсер Арман Сқабылұлының “Жаным менің” телесериалына арналған кездесуде болып, пікір білдірдік.

ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимовтың бір жолғы стипендиясы 100 мың теңгеден 5 студентке табыс етілді. Біздің кезімізде мұндай қамқорлық болмайтын. Соның өзінде қаншама қаламгер шығарған журфак қой.

Made on
Tilda