-Мұрат, қаламды тоқтата тұрып, бірер сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз. Оған рұқсат шығар.
-Әлбетте. Өзім де бір сәт таза ауамен тыныстау үшін есік алдына шыққанмын. Ал сайтты, жалпы оқырмандарды қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя беріңіздер.
-Романды жазу барысы қалай болып жатыр, осы уақытқа дейін қанша бөлігі жазылды?
-Бұл роман проза жанрындағы алғашқы ең үлкен жұмысым болып тұр. Бұған дейін қысқа әңгімелер жаздым. Соңғы жылдары телеарналарға арнап телехикаялардың сценарийімен айналыстым. Сондықтан, жауапкершілігі мол, көп еңбектенуді қажет ететін романға дайындалып, жоспарлап кірістім. Соншалықты тез, өндіріп жазып жатырмын деп айту қиын. Бірақ, орта бөлігіне келіп қалдым. Қарқыным тез болмағанымен, өзім ойлағандай тиянақты жазылып жатыр.
-Бұған дейін әдеби конкурс, бәйгелерге қатыстыңыз ба? Бұл жолғы роман бәйгесінің әділ өтуіне деген сеніміңіз қандай?
-Бұрынырақта бірнеше проза конкурстарына қатыстым. Әділетсіздік болды деп айта алмаймын. Жазған шығармаларым өз бағасын алды, бас бәйге алған, өзге де жүлделі орыннан көрінген тұстарым жоқ емес. Ал, бәйгеге ілінбей қалған кездерім болса, әділетсіздіктен емес, шығармаларым талапқа сай келмегеннен болар. Бірақ, кей жағдайларда бұра тарту болатыны рас.
Бұл жолғы «Қазіргі заман қазақ романы» байқауы аты айтып тұрғандай қазіргі заманға лайық туындыға мүмкіндік беруде. Идеяға қаржылай қолдау көрсеткен ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимовке алғыстан басқа айтарым жоқ.
Байқаудың барлық талаптары айқын, бағыты анық, ауқымы кең, көздеген межесі биік. Белгілі бір қалыпта қатып қалған, шығармашылық адамды шектейтін шеңберден де аулақ. Осы уақытқа дейінгі екі турдан өттім, өзім ұсынған тақырыбым қызықты әрі маңызды деп сенген едім. Сол сенімге орай лайықты бағалаудан өткеніме қуандым. Ендігі үшінші кезең де осы әділдіктен таймайды деп ойлаймын. Атақ-абыройды алға шығарып, жақынға жан тартатын емес, жақсы шығарма мен шынайы туындыға жол ашатын принциптен таймаса екен деп тілейміз.
-Байқауды ұйымдастырушылардың әділдігіне сенгеніңізге рақмет! Ал тағы бір сұрақ қоялық. Роман неліктен «Бруклин көпірі» деп аталды?
-АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында көп жыл тұрдым. Мұндағы қайнаған өмір, дүниенің төр бұрышынан жиналған халық, түрлі тағдыр әсер етті. Романдағы бас кейіпкердің отбасы Бруклинде тұрады. Бруклинде эмигранттар көп шоғырланған. Бруклин көпірі – Бруклин мен Манхаттен аудандарын жалғастырып жатқан атақты көпір.
Ал, шын мәнінде жергілікті халық тек Манхаттенді қала санайды, Нью-Йорк деп Манхаттенді ғана атайды. Асқақ та, айбынды, алып ғимараттары бар, бай да дегдар, маңғаз Манхаттен көп адамның арманы.
Эмигранттар көп шоғырланған жұтаңдау Бруклиннен Манхаттенге өту, онда тұру, жұмыс істеу, іс жүргізу, кәсіп ашу, сол ортаның лайықты адамы болу – әрине, үлкен статус. Бруклин көпірі сол ортаға жетелейтін өткел секілді. Жаңа мен ескінің, жұпыны тұрмыс пен салтанатты өмірдің арасындағы өткел.
Одан сырт, көпір Америкаға үмітпен келген эмигранттың арман өткелі секілді. Арғы жақтан алғанда «Бруклин көпірі» осы мағыналарды меңзеп қойылған атау, ал оның басқа да беретін символдық белгісі мен философиялық мәнін, шығарма бойындағы рөлін оқырман романнан көре жатар.
-Иә, бәрін айтып берсеңіз, қызығы қалмайды ғой. Басқасын оқырмандар демеушіміз ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимов Сіздің де шығармаңызды кітап етіп шығарып берген соң, оқи жатар. Соңғы сұрағымыз әдебиеттегі сүйіп оқыған, үлгі тұтқан, еліктеген қаламгерлеріңіз болды ма?
–Қазақ әдебиетіндегі біраз қаламгерлердің еңбегін оқыдым. Біздің әдебиеттегі барлық шығарманы іздеп жүріп оқып, соңына түсіп тауыстым деп айта алмаймын. Сөйте тұра қолыма түскендерін құр жіберген жоқпын. Тура соларша еліктердім, үлгі тұттым деуден де аулақпын. Алайда, оқыған шығармаң, әсіресе бала кезде, жастық шақта санаңа орнаған дүниелер кейінгі қалам алысыңа, ой-толғамыңа әсер етеді.
Шетел әдебиетін тиіп-қашып қана оқыдым дер едім, себебі әлем әдебиеті – жатқан алып мұхит. Жақсы көрген бір қаламгерім болса – Михаил Шолохов. Оның «Тынық дон», «Көтерілген тың» романдары жақсы әсер қалдырды. Сосын, америкалық жазшы Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романы – бөлекше туынды. Әрине, өзге де шетел жазушыларының еңбектерімен таныс болдым, бірақ, өзіме ерекше әсер еткендері – осылар.
-Уақытыңызды бөліп, сұрақтарымызға жауап бергеңізге алғыс айтамыз. Романды белгіленген мерзімде аяқтап, сарапшылардың талқылауына ұсынады деп сенеміз.
Сұқбаттасқан - Жанерке Қазтай,
"Қазіргі заманғы қазақ романы" әдеби бірлестігінің тілшісі.